CaspianStart-Up 2020

Болашағы бар инновациялық идеяларды бірге іздейміз!

Видеоны қарау

Жоба туралы

Өз идеясы мен жобасын, мүмкіндіктерін жүзеге асыруға ынталы дарынды да, жаңашыл жастарға арналып ұйымдастырылатын жоба.

Байқау ережесі Жоба тарихы

Жобаны таныстыру презентациясына қойылатын талаптар

Жобаның презентациясын дайындауда түсініктірек болу үшін диаграмма, таблица, схемаларды қолданған абзал

Жобаның аты және қатысушының аты-жөні тегі
Жобаның маңыздылығы (өнім, механизм) – жобаны қолға алу идеясының тууына себеп болған проблеманы көрсетіп, тауар не үшін қажет екендігін көрсету
Проблеманы сіздің жобаңыздың көмегімен шешу жолдары
Нарықты зерттеу – болжам, өнімге немесе жобаға сұраныс, өзге елдердегі аналогтар, бәсекелестік ортаны көрсету
Жобаның артықшылығы мен кемшілігін көрсету
Жоба/өнімді дамыту стратегиясы- мақсатты аудитория, жобаның алдағы ай/жылда дамуы, оған қатысты сіздің мақсатыңыз бен жоспарыңыз, негізгі қаржылық көрсеткіштерді көрсетуге болады. Мәселен, шығын мен пайда
Командалық жұмысты көрсетіңіз: тобыңыздағы жұмыс қалай бөлінді, негізгі компетенциялар
Сізбен қалай байланысамыз?

Өтетін орны және уақыты


  • І – кезең: 24 ақпан - 31 наурыз 2020 ж. – онлайн-тіркелу;
    1-10 сәуір 2020 – қабылдау комиссиясының өтінімдерді алын-ала қараудан өткізуі;
  • ІІ – кезең: 15-сәуір 2020 ж. – іріктеу кезеңі (Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде)
  • ІІІ- кезең: 18 сәуір 2020 ж. – ақтық кезең (Yessenov University қабырғасында).
  • Қатысу: ТЕГІН

Жүлде қоры


  • Туризм – 400 мың теңге
  • ІТ – 400 мың теңге
  • Агробизнес – 400 мың теңге
  • Ғылым және технология – 400 мың теңге
  • Әлеуметтік жобалар – 400 мың теңге
  • Yessenov university гранттары



Онлайн тіркелу

Бас ұйымдастырушы





Серіктестер

Жаңалықтар

Қатысушылар назарына!

«Caspian startup -2020» стартаптар сайысының өткізілуі барысында биыл өзгерістер бар. Ендің байқауға қатысушы онлайн-тіркелуден өткеннен кейін өзінің жобасының қабылау комиссиясының қабылдауынан өткендігін 15-сәуірге дейін анықтауы міндетті. Қаралудан өтпеген қатысушылар байқауға қатыса алмайды.

Байланыс: 8 778 999 16 22; project@caspianstartup.kz, caspianstartupkz@gmail.com

Кәсіпкерлерді серіктестікке шақырамыз!

«Caspian Startup - 2020» жобасы Маңғыстау облысының кәсіпкерлері мен коммерциялық ұйымдастыр серіктестікке шақырады. Оқушылардың өлкедегі ерекше жобасы сіздерге тың жобалармен танысуға мүмкіндік сыйлап қана қоймай, өзіңізді инвестор ретінде сынап көруге мүмкіндік.

Стартап жобалар байқауына «MKS Logistics» ЖШС, «Mediana» ІТ-компаниясы, «EXPO&WOMEN», «Евровояж» тур агенттігі, «ТЕТИС» ЖШС демеушілік етуге ниет білдірді. Ал Маңғыстау облыстық білім басқармасы, «Mangystau» телеарнасы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, Маңғыстау облыстық филиалы «Forte Bank» Маңғыстау облыстық филиалы байқау серіктестері атанды.

Байланыс: 8 778 907 16 08; 8 778 999 16 22.

«Caspian Startup - 2020» волонтерлар іздейді!

«Caspian Startup - 2020» стартаптар байқауының ұйымдастырушылары Ақтаудағы Назарбаев зияткерлік мектеп оқушыларын волонтер болуға шақырады. Байқау еріктілері іріктеу кезеңі мен ақтық кезеңін ұйымдастыруға, қатысушыларға көмек көрсетіп, арнайы шақырылған белді кәсіпкерлердің тренингіне қатысуға мүмкіндік алады.

Ерікті болуға ұсыныс білдірген оқушылар сәуірдің 15-18-і күндері белсенді көмек көрсетуі тиіс.

Егер, сіз өте белсенді, ұйымдастырушылық қабілетіңіз жоғары, волонтер болып көру ниетіңіз болса, «Волонтер болғым келеді» тақырыбында өзіңізді қысқаша таныстыру хатын жазып, caspianstartupkz@gmail.com және project@caspianstartup.kz пошталарына жолдаңыз.

Орын саны шектеулі. Байланыс: ismakhanbetova_a@akt.nis.edu.kz Тел: 8 778 999 16 22.

«CaspianStartup-2020» стартаптар байқауына тіркелу басталады

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің кәсіпкерлік қабілетті меңгеруге баулып, тың стартап-идеяларды ұсыну алаңын құру мақсатында жүзеге асып келген «Caspian Startup» байқауы үшінші рет өткізілгелі отыр. Биылғы жылы «Caspian Startup-2020» стартаптар жарысын бірлесіп ұйымдастыруға Yessenov University әкімшілігі қолдау білдірді.

Дәстүрлі жарысқа биыл бірқатар өзгерістер енгізілген. Алдымен, енді жарысқа Қазақстандағы 7-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері қатысуға өтінім білдіре алады. Сонымен қатар, енді байқауға қатысуға өтінім білдірген үміткерлердің өтінімдері алдын-ала қабылдау комиссиясының қаралымынан жіті бақылаудан өткізілетін болады.

• Жарысты өткізу үшін биыл әр номинацияға 400 мың теңгеден 2 миллион теңге көлемінде жүлде қорын тіктік. Өткен жылғыдай 5 номинациядан финалға өткен 25 жобаның ішінен ең үздік бесеуін анықтайтын боламыз. Сондай-ақ, Yessenov University өздеріне ұнаған, мықты жобаларға білім гранттарын сыйға тартқалы отыр. Қазіргі таңда Маңғыстау облысындағы тәжірибелі кәсіпкерлердің басын қосып, серіктестер мен қазылар алқасын қалыптастырып жатырмыз, - дейді сайыс авторы, зияткерлік мектеп директоры Ермек Пайзов.

Өлкеде үшінші рет ұйымдастырылғалы отырған жарысқа «Mediana.kz» ІТ-компаниясы, Маңғыстау облыстық білім басқармасы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы қолдау білдірді.

Байқауға онлайн-тіркелу 2020 жылдың 24 ақпаны мен 31-ші наурыз аралығында жүретін болады.

Барлық сұрақтар бойынша: 8 (72 92) 70 10 66; +7 778 999 16 22. E-mail: project@caspianstartup.kz, caspianstartupkz@gmail.com